Тыйым салынған материалдарды таратқан тұрғын жауапқа тартылды
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері діни материалдарды таратушыны жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен діни материалдарды заңсыз тарату фактісі анықталды. 30 жастағы петропавлдық «WhatsApp» мессенджеріндегі статусына діни сипаттағы фотосуреттерді жиі қойып отырған. СҚО ПД ЭҚІҚБ қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 490-бабы 1-б. 3-т. (Қазақстан Республикасының діни қызмет і және діни бірлестіктері туралы заңнамасын бұзу) бойынша өндіріс қозғады. Сараптама қорытындысынан кейін жиналған материал сотқа жолданды. Петропавл қ. мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен оған 35 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу түріндегі жаза тағайындалды.
– Діни сенім еркіндігі заңға қайшы келмеуі тиіс, – дейді СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығы Руслан Жарасбаев. – Діни материалдарды шіркеулерде, мешіттерде және діни бағыттағы білім беру ұйымдарында не жергілікті атқарушы орган берген тиісті рұқсаты бар кітап дүкендерінде ғана таратуға болады. СҚО-да мұндай дүкендердің саны – 15, оның 14-і Петропавлда, біреуі Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылында орналасқан. Діни кітаптарды жеке кітапханадан не басқа жолдармен таратуға тыйым салынған. Солтүстікқазақстандықтардың заңнама талаптарына мұқият болуларын сұраймыз.