Тыйым салынған өсімдіктерді өсірумен айналысатын ақтаулық анықталды
Тыйым салынған өсімдіктерді өсірумен айналысатын ақтаулық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 26 тамызда «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді өсірумен айналысатын Ақтау қаласының 53 жастағы тұрғынын анықтады.
Күдіктінің «марихуана» есірткі затын өсіргені анықталды. Полиция есірткі затының 92 бұтасын тәркіледі.
Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 300-бабының 1-бөлігі (Құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
– Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткі сатушыларды әшкерелеу, есірткі құралдарының ірі партияларын айналымнан алып тастау бойынша үнемі жұмыстар жүргізетіндігін атап өткен жөн. Естеріңізге сала кетейік, есірткіні заңсыз өсіру дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, – деп атап өтті өңірдің полиция басшысы.