Тыйым салынған заттарды алып жүрген 4 павлодарлық ұсталды
Тыйым салынған заттарды алып жүрген 4 павлодарлық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында 5-11 желтоқсан аралығында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
– Іс-шара барысында тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны немесе алып жүргені үшін 4 павлодарлық ұсталды. Мысалы, сағат 13.50-де Гагарин көшесіндегі 87 үйдің жанында 34 жастағы ер адамның күртешесінің оң жақ қалтасынан екі патрон табылып, тәркіленді. Ер адамның қандай мақсатта оларды қалтасына салып жүргенін тергеу анықтайтын болады, – деп хабарлады Павлодар қалалық Полиция басқармасының бастығы Данияр Бек.
Тағы бір жағдайда сағат 12.10-да Зеленстрой ауданында 33 жастағы павлодарлық ұсталды, одан пневматикалық мылтық табылып, тәркіленді. Маманның айтуынша, мылтықтың кинетикалық энергиясы бар. Аталған факті бойынша ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Тәртіп сақшысы Павлодар полицейлері облыс орталығында 242 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кескенін атап өтті.
– Оның ішінде 32 факті отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған. Мысалы, сағат 21.00-де учаскелік полиция инспекторына шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 35 жастағы азамат өзімен бірге тұратын 23 жастағы ер адамға жанжал шығарғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жанжал барысында ол оған дөрекі сөздер айтып, теледидарды сындырған. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды және қорғау ұйғарымы шығарылды, – деп хабарлады Данияр Бек.