Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тыйым салынған заттарды өткізудің 37 дерегінің жолы кесілді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері түзеу мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды өткізудің 37 фактісінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түзеу мекемесіне сәлем-сауқат ретінде әкелінген заттардың арасынан 26 ұялы  телефон алынып, бес рет есірткі, үш рет спирттік ішімдік және үш рет ақшалай қаражат өткізуге тырысу фактісі анықталған.

Мысалы, ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/20 мекемесінің қызметкерлері 55 жастағы азаматтың темекі ұнтағының ішіне жасырылған ұялы телефонды мекеме аумағына өткізуіне тосқауыл болды.

Сондай-ақ осы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматқа сәлемдеме беру барысында 21 жастағы азамат қысқы етіктің табанына ұялы телефон тығып,  қысқы шұлықтың ішіне екі сим карта жасырып, кіргізбек болған.

Мекеме әкімшілігінің ескертулеріне қарамастан тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізбек болған азаматтар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру