Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тыйым салынған заттарды тергеу изоляторына өткізбек болған азамат ұсталды

4 желтоқсан күні Атыраудағы тергеу изоляторында ұсталатын азаматқа сәлемдеме ретінде йогурттың ішіне белгісіз шөп пен ақ дәрі салып бермек болған 25 жастағы азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Заңсыз сәлемдеме ұрлық жасағаны үшін уақытша қамауға алынған азаматқа арналған. Мекемеге Атырау облыстық Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы шақырылып, «курьер» ұсталды. Сәлемдеме сараптамаға жөнелтілетін болады, – деді УГ-157/1 мекемесінің күзет және режим бөлімі бастығының орынбасары Айдар Аққажиев.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемесінде заңсыз сәлемдемелердің жолын кесуге арналған іс-шаралар алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру