Тыныштықты бұзғандар жауапқа тартылды
Павлодар облысында ішімдік ішіп, жанжал шығарған үш адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылғы 6 желтоқсан күні сағат 21.02-де полицияға Академик Шөкин көшесі 99-үйден көршілердің айғай-шуынан мезі болған тұрғындардың арызы келіп түскен.
Оқиға орнынан келген полицейлер 35 жастағы павлодарлық әйелдің 12 жастағы ұлының туған күнін атап өткенін, оған екі досын шақырғанын, сондай-ақ оның 33 жастағы туысы келгенін анықтады. Алкогольді ішімдіктерді бірге ішкеннен кейін 35 жастағы әйел мен оның 30 жастағы көңілдесінің арасында жанжал туындаған.
Медициналық куәландыру нәтижелеріне сәйкес барлық үш азамат та алкогольдік масаң күйде болған.
Аталған факт бойынша жанжалға қатысушыларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.