UAE SWAT Challenge – 2026 турнирінің жеңімпазы оқушылармен кездесті
UAE SWAT Challenge – 2026 халықаралық жарысының жеңімпазы, 5451 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Жанғали Ердаулет Юрий Павлов атындағы мектептің 10-11 сынып оқушыларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесу барысында ол жарыс кезеңдері, дайындық барысы және халықаралық аренадағы бәсекелестік туралы айтып берді. Әскери қызметші кәсіби шеберлікке жету үшін тәртіп, төзімділік және үздіксіз жаттығудың маңызы зор екенін атап өтті.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, арнайы бөлімшенің дайындығы мен жарыстың ерекшеліктері жөнінде мағлұмат алды. Кездесу еркін форматта өтіп, жастарға үлкен мотивация сыйлады.
Жанғали Ердаулеттің жеңісі – бүкіл Қазақстан үшін зор мақтаныш.
