Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пәтерді уақытша жалға алған қарағандылық пәтердің ішіндегі заттарды жымқырып кетті

Уақытша пәтерді жалға алған қарағандылық пәтердің ішіндегі заттарды жымқырып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 тамыз күні Абай аудандық Полиция басқармасына 51 жастағы ауданға қарасты ауыл тұрғынынан арыз түскен. Азаматша арызында 11 тамыз күні өзінің пәтерін жалдауға берген. Жалдап алған азамат пәтер иесіне жалдамалы пәтердің ақысын уақытылы төлеуге және үйде тазалықты сақтауға уәде берген.

Алайда, пәтердің ақысын алар кезде жәбірленуші біраз қиындықтарға тап болған. Жалдамашымен кездеспек болған арызданушы үйіне келгенде пәтерді жалдаған азамат болмаған. Тиісінше уақытылы ақы төлеймін деп «баспаналы» болған азамат, жалдамалы пәтерден теледидар, төсеніш және аулада тұрған екі темір қоларбаны жымқырып кеткен. Сөйтіп жәбірленушіге жалпы соммасы 300 мың теңге шығын келтірген.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы азаматты қолға түсіріп, ұсталған мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған іске байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру