Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Учаске»: Ақтөбе облысында отбасылық жанжал тудырушылар жауапқа тартылды

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі мен 1 желтоқсаны аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Шараның мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және қылмыстың жолын кесу, полиция имиджін нығайту және халықпен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату, – деп түсіндірді ЖПҚБ бастығы Ардана Саймағамбетов.

Екі ай ішінде учаскелік полиция инспекторлары 204 мыңнан астам, оның ішінде көпқабатты үйлердің 106 мыңнан астам пәтерлерін және 98 мыңға жуық жеке үйлерді аралап шықты. Салық органдарында тіркеусіз тұрғын үйді жалға берудің 534 фактісі анықталды, барлық фактілер бойынша ақпарат осы тұрғын үй иелеріне әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін салық органдарына жіберілді.

Сонымен қатар, 10793 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде  отбасылық жанжал тудырушылар саны – 657. Қоғамдық орында спирттік ішімдіктер ішкені үшін 1271 адам полиция органдарына жеткізілді.

Бұдан басқа, белгілі тұрғылықты жері жоқ 46 адам ұсталды, оның 25-і қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Учаскелік полиция инспекторлары халықпен танысу, әкімшілік учаскенің проблемалық мәселелерін зерделеу және әртүрлі құқық бұзушылықтарға жол берген адамдарды анықтау үшін барлық  үй-жайлар мен ұйымдарды уақытында аралайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру