Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Учаске»: Ақтөбеде 7 014 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді

Ақтөбеде 7 014 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі мен 1 желтоқсаны аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Оның негізгі мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік учаскелерді пәтерлерді және аулаларды аралауды, ПБ есебінде тұрған адамдардың тұрғылықты жері бойынша тексеруді, азаматтық қару иелерінің оларды сақтау шарттарын сақтауын, жалға берілетін пәтерлерді анықтауды және т. б. жүзеге асырады.

ПБ есебіне 535-тен астам, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол беретін 450-ге жуық адам қойылды.

Жедел алдын алу іс-шарасы аясында жертөлелерді, шатырларды, базарларды, ІІО есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ шетелдік азаматтар мен атыс қаруы бар азаматтарды тексеру жүзеге асырылады.
Қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін атыс қаруы бар 32 азамат жауапқа тартылды. Заңсыз айналымнан 17 қару тәркіленді.
Барлығы 5528-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені және мас күйінде келгені үшін – 597, ұсақ бұзақылық үшін – 183, тіркеусіз тұрғаны үшін 1124 құқықбұзушы жауапкершілікке тартылды. Іс жүзінде оларда тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол бергені үшін алты тұрғын үй иесі жауапкершілікке тартылды.

Ақтөбе облысы бойынша жағдайға келетін болсақ, жалпы «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 7014 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру