Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Учаске” іс-шарасы: Павлодар облысында 257 мыңнан астам пәтер мен үй тексерілді

Павлодар облысында 257 мыңнан астам пәтер мен үй тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықпен сенімді байланыс орнату және ынтымақтастықты нығайту мақсатында 1 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында Павлодар облысының аумағында “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

– Нәтижесінде, учаскелік полиция инспекторлары 257 мыңнан астам пәтер мен үйлерді аралады. Түрлі құқық бұзушылықтар үшін 20 мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 429-ы отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін, 201-і ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, 105-і қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін. 81 адам ұсталып, қабылдау-тарату орнына орналастырылды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Тәртіп сақшысы атап өткендей, учаскелік инспекторлар ел аумағында тіркеусіз тұратын 1 440 адамды және ҚР Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған 122 адамды шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғаларды анықтады.

7 850 атыс қаруының иелері де тексерістен өтті, оның барысында 49 қару иесі жауапқа тартылды. Тәртіп бұзғаны үшін 54 бірлік қару иелерінен алынды.

Мысалы, полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде, қаруды тіркеу орнында тұруы 3 айға толмаған қару иесін анықтады. Тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБК 484 және 486-баптары бойынша 10 және 15 АЕК айыппұл салумен жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, 21 қазан Павлодар қаласының учаскелік полиция инспекторы 63 жастағы павлодарлықтың полицияға жүгіну фактісі бойынша құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс шығарды. Бұл ұсынысты акционерлік қоғам 30 тәулік ішінде орындауы және жоюы қажет, егер бұл орындалмаса, онда басшы ҚР ӘҚБтК-нің 479-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру