Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Учаске» іс-шарасы: Қызылордада бір күнінде 97 әкімшілік бұзушылық анықталды

Қызылордада бір күнінде 97 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның бір күнінде 1179 тексерістер жүргізілсе, оның ішінде 291 пәтерлер және 888 жеке меншік үйлер араланды.

Тексеру барысында облыс көлемінде жалға беретін 35 пәтер тексерумен қамтылды.

Ішкі істер органдарының профилактикалық және тізімдік есебінде тұрған 212 адамдардың тұрғылықты мекенжайларынан тексеру жұмыстары жүргізіліп, олармен қылмыстарды қайта жасамау бағытында профилактикалық әнгімелер жүргізілді.

Сонымен қатар 97 әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталып, олар бойынша тиісті шешім қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру