«Учаске»: ШҚО-да заңсыз айналымнан тіркелмеген атыс қаруының 28 бірлігі тәркіленді
ШҚО-да «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Заңсыз айналымнан тіркелмеген атыс қаруының 28 бірлігі тәркіленді.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шараларды күшейту мақсатында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі мен 1 желтоқсаны аралығында облыс аумағында ауқымды «Учаске» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Учаскелік инспекторлар тұратын адамдар туралы мәліметтер алу үшін өз учаскелерінде пәтерлер мен аулаларды аралауда, азаматтардың тіркелуін тексеруде.
Іс-шараның екі айында көп қабатты үйлердің 247 мыңға жуық пәтерін, 190 мыңнан астам жеке үйлерді және 40 079 саяжай үйлерін аралау жүзеге асырылды, төрт мыңнан астам жалдамалы пәтерлер тексерілді. Салық органдарына тіркеусіз тұрғын үйді жалға берудің 477 фактісі анықталды. Барлық фактілер бойынша ақпарат аталған тұрғын үй иелеріне шара қолдану үшін Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданатын болады.
ІІО-да есепте тұрған 34 мыңнан астам азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді.
Түрлі құқық бұзушылықтар үшін 28 800-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ата – аналардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін (ҚР ӘҚБтК 127 – бабы)-100, ұсақ бұзақылық үшін (ҚР ӘҚБтК 434 – бабы) – 1 408, ортақ пайдаланатын орындарды ластау бойынша (ҚР ӘҚБтК 434-2-бабы) – 2 305, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу (ҚР ӘҚБтК 440-бабы) – 6 080.
Азаматтық атыс қаруының жеке иелерін оны сақтау ережелерінің сақталуын тексеруге ерекше назар аударылды. 11 700-ден астам азаматтық қару иелері тексерілді. Сондай-ақ, заңсыз айналымнан тіркелмеген атыс қаруының 28 бірлігі тәркіленді.
Тәртіп сақшылары тұрғындар мен облыс қонақтарынан жедел профилактикалық іс-шараға түсіністікпен қарауды сұрайды, өйткені оның басты міндеті облыс тұрғындарының қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.