“Учаске”: Шымкентте 12 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
Шымкентте “Учаске” іс-шарасы барысында 12 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес 1 қыркүйектен бастап «Учаске» жедел-профилактикалық іс шарасы өтуде. Іс-шараның мақсаты – көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда тұрып жатқан адамдар жайлы ақпарат білу және қару иелерін, ІІО-да есепте тұратын тұлғаларды тексеріп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу.
Учаскелік полиция инспекторлары іс-шара басталғаннан бері 3 294 жалға берілетін пәтерлерді тексерді. Түнгі мезгілде ата-анасының немесе заңды өкілінің қарауынсыз жүрген 304 жасөспірім анықталған. Қаңғыбастық пен қайыршылық жасап жүргені үшін 274 адам ұсталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен әкімшілік шара қолданылды. Сондай-ақ қабылдап-тарату орнына орналастырылған.
Бұдан бөлек, есепте тұрған 5 896 қару иесі тексеріліп, қару сақтау және мерзімін ұзарту ережесін бұзғаны үшін барлығы 136 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Іс-шара барысында жалпы 12 046 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, полицияға барлығы 4260 тұлға жеткізілді.