«Учаске» ЖААШ: Қостанай облысында екі күнде 60-тан астам құқық бұзушылық анықталды
Қостанай облысында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында екі күнде 60-тан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
1 қазаннан бастап Қостанай облысының аумағында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Екі күн ішінде полицейлер 60-тан астам заң бұзушылықты анықтады. Әкімшілік учаскелердегі учаскелік полиция инспекторлары екі айдың ішінде әр пәтер мен ауланы аралайды. Тұрғын үйлердің кіреберістерінде, дүкендер мен ойын-сауық орындарында тәртіп сақшылары профилактикалық бағыттағы ақпараттық буклеттерді орналастырады. Облыс тұрғындарына полицейлер өз байланыс нөмірлерін қалдырады.
– Полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерлерді, саяжайларды тексеруде. Тексеру ІІБ-де профилактикалық есепте тұрған адамдарға және тұрғылықты жері бойынша азаматтық қару иелеріне де қатысты. Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Күдікті адамдар туралы полицияға хабарлауды өтінеміз, – деді Қостанай қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Талғат Жүсіпов.
Сондай-ақ, полицейлердің күштері елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді, заңсыз көші-қонды ұйымдастырушыларды, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған жұмыс берушілерді анықтауға тұрған адамдарды тексеруге бағытталатын болады.
– Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу шараларын күшейту үшін «Учаске» ЖАШ жүргізіледі, – деп атап өтті Талғат Жүсіпов.
Екі күн ішінде полицейлер 63 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде спирттік ішімдіктер ішкені үшін – 26, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында – 5, қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін – 12, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін екі тұрғын, қорғаныс нұсқамасын бұзған – 1, ҚР-да тіркеусіз тұрғаны үшін 15 адам жауапқа тартылды.