Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Учаске» ЖАІШ : Ақтөбе облысында тұрғылықты жері жоқ 47 адам ұсталды

Ақтөбе облысының аумағында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел алдын алу іс-шараларының негізгі мақсаты жедел жағдайды тұрақтандыру, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының халық арасындағы имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату.«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы екі ай ішінде облыс бойынша учаскелік полиция инспекторлары 219 мыңнан астам тексеру жұмыстарын жүргізді, оның ішінде 115 мыңнан астам көпқабатты үй мен 103 мың жеке үй бар.

– Нәтижесінде салық органдарында тұрғын үйді тіркеусіз жалға берудің 557 фактісі анықталды, барлық фактілер бойынша ақпарат осы тұрғын үй иелеріне әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін салық органдарына жіберілді, – дейді Ақтөбе облысы ПД ЖПҚБ аға инспекторы Асылхан Бекбосынов.

ІІО-ның есебіне 814 адам есепке алынды, оның ішінде тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген 741 азамат бар.

Жедел алдын алу шарасы аясында атыс қаруы бар азаматтарға да тексеру жүргізіледі. Атап айтқанда, 6706 қару иесі тексерілді, онда қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін атыс қаруы бар 81 азамат жауапқа тартылды. Бұл ретте заңсыз айналымнан 25 бірлік қару тәркіленді.

Көрсетілген кезеңде ІІО-на қайыр сұраған 454 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, оның 21-і КБО-ға (кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына) орналастырылды. Балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін 56 ата-ана жауапқа тартылды.

– Сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша 1200-ден астам шетелдік азамат тексерілді, олардың ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік тәртіппен алыс және жақын шетелдердің 90 азаматы ұсталды. Көші – қон заңнамасын бұзғаны үшін ТМД-ның 13 азаматы мемлекет шегінен шығарылды,3 азаматқа ҚР-да болу мерзімі қысқартылды, 9 адам қабылдау орнына орналастырылды, – деп толықтырды Асылхан Бекбосынов.

Барлығы 12925 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені және мас күйінде жүргені үшін – 1456, ұсақ бұзақылық үшін-541, тіркеусіз тұрғаны үшін – 2345 (ӘҚБтК-нің 492-бабы). Іс жүзінде тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол бергені үшін (ӘҚБтК-нің 493-бабы) 17 тұрғын үй иесі тартылды.Жалпы облыс бойынша «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында ІІО есебінде тұрған 7402 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді, оның ішінде 750 шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, 223 әкімшілік қадағалау белгіленген адамдар, 1008-іне мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген, 1243-іне оларға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған, 1261 әкімшілік қадағалауда болатын адамдар, 870 қолайсыз отбасыкіреді.Тұрғылықты жері жоқ 47 адам ұсталды, оның 25-і қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру