"Учаске" ЖПІШ: Абай облысында ІІО есебіндегі тұлғалар тексерілді
Абай облысында "Учаске" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында ІІО есебіндегі тұлғалар тексерілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы Полиция департаменті өңірдің құқықтық тәртібін нығайту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "Учаске" жедел профилактикалық іс-шарасын жалғастыруда. Іс-шара барысында ІІО профилактикалық есепте тұрған 8800-ден астам азаматтың құқықтық жағдайы, мінез-құлқы мен заң талаптарын орындауы жан-жақты тексерілді.
Сонымен қатар шартты мерзімінен бұрын босатылған 1200-ден астам азамат тексерілді. Олардың қоғамға бейімделу деңгейі, жұмысқа орналасу және құқықтық тәртіпті сақтау мәселелері талданып, профилактикалық сипаттағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралардың маңызды бөлігі. Тәртіп сақшылары азаматтармен тығыз байланыста жұмыс істеп, құқықтық тәртіпті нығайтып жатыр.
Полицейлер тұрғындарды құқықтық тәртіп пен тыныштықты сақтау үшін азаматтық жауапкершілікті бірге атқаруды ұсынады.