Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Учаске ЖПІШ": Абай облысында полицейлер қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейтті

Абай облысында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер 220 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін Абай облысында халықпен қарым-қатынасты нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған "Учаске" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Іс-шараның басты мақсаты — қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған азаматтарға қажетті көмек көрсету.

Полиция қызметкерлері үйлерді аралап, тұрғындармен профилактикалық әңгімелер өткізді. Есепте тұрған тұлғаларды тексеріп, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытында шаралар қабылдады.

ЖПІШ шеңберінде 221 мыңнан үй мен пәтерге барып, тұрғындармен тікелей байланыс орнатылды. Түсіндіру жұмыстары құқықтық нормаларды жетілдіру, қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және жеке сектор мен көпқабатты үйлер бойынша мәселелерді шешуге бағытталды.

Учаскелік инспекторлар қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсетіп, азаматтардың өтініштеріне жедел жауап берді. Сонымен қатар есепте тұрған 12 694 адам тексерілді, оның ішінде 1 412 қолайсыз отбасы бар.

Полиция тұрмыс жағдайына талдау жасап, әлеуметтік және білім беру ұйымдарымен бірлесіп, тиісті қолдау шараларын ұйымдастырды.

Полицейлер "Учаске" ЖПІШ қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейтуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тұрғындардың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру