Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Учаске» ЖПІШ: Астанада 15 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

16 қыркүйегінен бастап елорда аумағында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның мақсаты – қызмет көрсетілетін учаскелерде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша шараларды күшейту, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату. Іс-шара басталғалы учаскелік полиция инспекторлары 288 мыңнан астам тұрғын үйді аралады. 42 мың жалдамалы пәтердің 1,5 мыңнан астамы заңсыз жалға берілгені анықталды.

ЖПІШ кезінде тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрудің 5,5 мыңға жуық дерегі анықталды. Іс жүзінде өзімен бірге тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркегені немесе жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына жол бергені үшін 195 тұрғын үй иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ішкі істер органдарында есепте тұрған барлық тұлға тексерілді. ЖПІШ барысында 15 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар полицейлер аралау барысында есірткі сайттарына сілтеме жасайтын 891 есірткі граффитиінің орналастырылғанын анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру