"Учаске" ЖПІШ: БҚО-да полицейлер мыңдаған құқық бұзушылықтың жолын кесті
"Учаске" ЖПІШ: БҚО-да полицейлер мыңдаған құқық бұзушылықтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқықтық тәртіп деңгейін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара аясында 112 мыңнан астам тұрғын үй, және 55 мыңнан астам пәтер тексерілді, 2 мыңнан астам жалдамалы пәтер, 19 мыңнан астам саяжай үйі, 3 мыңнан астам шаруа қожалығы мен қыстақ тексерілді.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтармен профилактикалық жұмыстар жүргізді. Барлығы 13 мыңнан астам есепте тұрған тұлғалар тексерілді.
Рейдтік іс-шаралар барысында 44 тіркелмеген қару тәркіленді, 24 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, көңіл көтеру орындарында ересектердің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмаған 174 жасөспірім анықталды. Тұрақты тұрғылықты жері жоқ 52 адам қабылдау-тарату орнына орналастырылды. Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу фактісі бойынша мыңнан астам азамат жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттері үшін 270 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 15 адам жауапқа тартылды. Құқықтық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
