Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Учаске" ЖПІШ: Екібастұзда полиция мас күйіндегі құқық бұзушылықтарға тосқауыл қояды

Екібастұзда маскүнемдіктің алдын алу мақсатында рейдтік шаралар өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз өңірінде жыл басынан бері маскүнемдікке шалдыққан 35 азамат мәжбүрлі түрде емдеу мекемелеріне жіберілді. Жедел-профилактикалық іс-шара аясында тәртіп сақшылары мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлуде.

– Бүгінгі таңда ішкі істер органдарының есебінде маскүнемдікке әуес мыңнан астам адам және 158 нашақор бар. Олардың барлығы учаскелік полиция инспекторларының жіті бақылауында. Құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзімділік" қағидатын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр, – деді Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы Медет Бейсенов.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері тұрғындарды әлеуметтік жауапкершілік танытып, емделуден өткен азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне қолдау көрсетуге шақырады. Себебі тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға болады.

– Емдеу курсынан өткеннен кейін адамның қалыпты ортаға оралуы – жеке тағдыр үшін жасалған қадам ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамның денсаулығы мен әл-ауқатына қосылған маңызды үлес, – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру