“Учаске” ЖПІШ: Маңғыстау облысында полиция 30 мыңнан астам тұрғын үйді тексерді
Маңғыстау облысында “Учаске” ЖПІШ аясында 2 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысында 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастау алған республикалық “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Алғашқы нәтижелер аталған іс-шараның тиімділігін көрсетіп отыр.
Тоғыз күн ішінде тәртіп сақшылары 30 000-нан астам тұрғын үйді аралап, 56 жалдамалы пәтерді анықтады. 601 азаматтық қару иесі тексеріліп, оның 36-нан қару сақтау ережелерін бұзу деректері тіркелді. Сонымен қатар 28 бірлік қару айналымнан алынды.
ЖПІШ-ның негізгі бағыттарының бірі — профилактикалық есепте тұрған азаматтармен жұмыс. Бүгінгі күні 1000-нан астам есептегі тұлға тексеруден өтті. Олардың арасында бұрын сотталғандар, алкогольге тәуелді адамдар және тұрмыстық жанжалдарға бейім тұлғалар бар. Мұндай тексерулер құқық бұзушылықтардың алдын алуға және шектеу шараларының орындалуын бақылауға мүмкіндік береді.
Полиция тарапынан кәмелетке толмағандардың құқығын қорғауға ерекше көңіл бөлінуде. Рейд барысында 218 жасөспірім ұсталып, оның 135-і ересектердің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында болғаны үшін, 83-і түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Барлығы 2 051 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Бұл көрсеткіш жүйелі профилактикалық жұмыстың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдейді.
“Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Полиция тұрғындарды учаскелік инспекторлармен тығыз байланыста болып, құқықтық тәртіпті бірге қамтамасыз етуге шақырады.