Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Учаске" ЖПІШ: Жетісуда құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілді

Жетісу облысында қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру, полицияға деген халық сенімін нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кең көлемді "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер тұрғын үйлерді аралап, азаматтармен кездесіп, жеке әңгімелесулер өткізуде. Мұндай формат құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, олардың алдын алуға, сондай-ақ әрбір отбасының, әрбір көшенің мәселесін жергілікті жерде тыңдап, шешуге мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері облыста тіркелген қылмыстар саны 11 %-ға азайды. Оның ішінде:

• аса ауыр қылмыстар – 8,4%;

• орташа ауырлықтағы қылмыстар – 20%;

• бөтеннің мүлкін ұрлау – 36,6%;

• қоғамдық орындардағы бұзақылық – 26,7 %-ға төмендеген.

Сонымен қатар жыл басынан бері:

• 141 притон анықталып, есепке қойылды;

• бақылаудағы тұлғаларға 60 электрондық білезік тағылды;

• 12 адам белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін қайтадан бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды;

• 51 азамат мәжбүрлі түрде алкоголизмнен емдеуге жіберілді;

• ҚР ҚПК-нің 200-бабына сәйкес кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сатқан 63 тұлға жауапкершілікке тартылды.

"Учаске" іс-шарасы аясында ерекше назар аударылатын бағыттар:

• бұрын сотталғандармен жұмыс;

• көші-қон заңнамасының сақталуын тексеру;

• тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтау;

• тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Әрбір азаматтың өтініші тіркеліп, анықталған мәселелер бақылауға алынады.
Полиция атап өткендей, өңірдегі қауіпсіздік деңгейі халықпен өзара ынтымақтастыққа тікелей байланысты. Жергілікті тұрғындар белсенді болып, бейжай қарамай, құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлап отырса, ықтимал қауіптердің алдын алуға мүмкіндік туады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру