Учаскелік инспектор ақмолалық тұрғынның телефоннын жедел тауып берді
Учаскелік инспектор ақмолалық тұрғынның телефоннын жедел тауып берді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Учаскелік полиция инспекторлары Сакен Сулейменов пен Борис Толгуровтың кәсібилігінің арқасында жарты сағат ішінде ұялы телефон тонаған күдікті анықталып, ұсталды.
15 наурыз күні сағат 23:00 шамасында Көкшетау полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түсті. Әйел полицияға хабарласқанға дейін жарты сағат бұрын ол таныстарынан оралып, телефонындағы хабарламаларды қарап тұрған сәтте белгісіз ер адам оның Redmi телефонын тартып алып, қашып кеткенін айтты.
Қылмыс туралы ақпарат дереу барлық полиция бөлімшелеріне жіберілді. Учаскелік инспектор Сакен Сулейменов күдіктінің белгілерін талдай отырып, өзінің әкімшілік учаскесіндегі құжаттарды тексеру кезінде бұрын сипаттамаларына ұқсас адамды көргенін есіне алды. Ол уақытта ер адам досына қонаққа келген болатын.
Уақытты жоғалтпай, учаскелік инспектор серіктесімен бірге белгіленген мекенжайға барып, қарақшы мен ұрланған телефонды тапты. Күдікті ұсталып, мобильді құрылғы иесіне қайтарылды.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.