Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Учаскелік инспекторға алғыс білдірді

Павлодар облысының Май ауданы Көктөбе ауылының тұрғыны Мақсұт Есімханов Жұмыскер ауылының учаскелік инспекторы Алмас Жүнісовке кәсіби шеберлігі және қиын жағдайда көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам 26 желтоқсан күні аязды кеште ұлымен бірге “Курчатов-Ленин” тас жолында көлігімен үйіне қайтып келе жатқанда кенеттен көлігі бұзылып тоқтап қалған, көлікті өздігінен жөндеу мүмкін болмаған.

– Жолда көлік болған жоқ, ешкім де өтпеді. Бұл уақытта дала қараңғылана бастады, аяз күшейіп, қатты жел соғып тұрды. Бірақ, бақытымызға орай, Жұмыскер ауылының учаскелік полиция инспекторы Алмас Жүнісов қол үшін берді. Ол біздің көлігімізді өз көлігіне тіркеп, үйге жетуге көмектесті. Мен оған өте ризамын! – дейді Мақсұт Рахымқанұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру