Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жергілікті тұрғын полицейге алғыс білдірді

Қызылорда қаласының тұрғыны учаскелік полицейге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қараша күні кешкі уақытта Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөліміне кент тұрғынынан үйінің ауласынан белгісіз біреулердің алабай тұқымдас күшігін ұрлап кеткені туралы арыз түскен. Келтірілген шығын 50.000 теңгені құрады.

«Сабалақ» саяжайының учаскелік инспекторы Сағындық Мырзахожаев бірден жоғалған итті іздеуге кірісіп, көп ұзамай күшікті ұрлаған 34 жастағы қала тұрғынын құрықтады.

Қазіргі таңда бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Табылған бес айлық күшікті полицейлер иесіне қайтарып берді. Сағындықты жергілікті тұрғындар өз жұмысына адал қызметкер ретінде құрметтейді.

Күшігінің тез арада табылғанына қуанған иесі учаскелік полицейге алғысын білдірді.

– Күшікті өз бетімізше іздеуге тырыстық. Алайда одан еш нәтиже шықпады. Содан бөлімшеге келіп, учаскелік полицейіміз Сағындыққа күшігіміздің жоғалғаны туралы хабарладық. Сағындық іздеу жұмыстарын дереу ұйымдастырып, күшігімді тапты. Бізге нағыз халық полицейі кездесті. Оның көмегінің арқасында күшігіміз тез арада табылып, өзімізге қайтарылды. Учаскелік полиция қызметкері – бізге жедел жәрдем сияқты дереу көмектесті, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру