Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Учаскелік полиция инспекторы тұрғын үйді өрт пен жарылыстан құтқарды

Атырауда учаскелік полиция инспекторы тұрғын үйді өрт пен жарылыстан құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 желтоқсан күні Азаттық даңғылындағы №68 үйде оқыс оқиға орын алып, 70 жастағы зейнеткер үшінші қабаттан құлап түскен. Құлау салдарынан қария ауыр жарақат алып, дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.

Төтенше жағдайдан кейін көп ұзамай көршілер зейнеткердің пәтерінде жарық жанып тұрғанын байқаған. Жалғызбасты қарияның психоневрологиялық аурумен ауыратынын білетін көршілер пәтерде қосулы газ қалуы мүмкін деген оймен дереу аумақтың учаскелік полиция инспекторына қоңырау шалған.

Хабарлама түскен №1 учаскелік пунктінің учаскелік инспекторы Жұмагелді Жаңбырбаев шақыруға жедел жетіп, мән-жайды білген. Зейнеткердің қалада тұратын жақын туыстары болмағандықтан, полиция қызметкеріне құлыптаулы есікті бұзып ашуға тура келген.

– Пәтерге кірген кезде біз газ плитаның (конфорка) жанып тұрғанын көрдік. Учаскелік инспекторымыз Жұмагелді газ бен жарықты бірден өшірді. Содан кейін бөлмелер желдетіліп, газ иісі тараған соң, пәтердің есігін құлыптап жапты. Осы оқиғаға байланысты біздің учаскелік инспекторымызға тез арада көмекке келгені үшін алғысымды білдіргім келеді. Ол біздің әрбір өтінішімізге осылай жедел әрекет етеді – дейді құтқарылған үйдің тұрғыны Людмила Харченко.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру