Учаскелік полиция инспекторы жылқы ұрлығын ашты
Алматы облысында учаскелік полицей жылқы ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекшіқазақ ауданының кезекші бөліміне Шелек ауылының 62 жастағы тұрғыны Қазақстан ауылының жанындағы жайылымнан бір бас жылқысының ұрлағаны туралы шағымданған. Аталған факт ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қазақстан ауылдық округіне қызмет көрсететін учаскелік полиция инспекторы Ерік Әмірақынов осы қылмысты жасауға күдікті ретінде Ащыбұлақ ауылының 57 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Күдікті бұрын мал ұрлығы үшін үш рет сотталып, бас бостандығынан айыру орындарында бес жылдан астам жазасын өтеген, ол қамауға алынды.
– Ұрланған жылқы жәбірленушіге қайтарылды, ол полиция қызметкеріне жақсы қызметі үшін алғыс айтып, азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау бойынша жауапты ісіне табыс тіледі. Халықпен белсенді қарым – қатынас жасау арқылы, айқын емес қылмыстар да ашылады, – деп атап өтті Шелек аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Дидар Базарбаев.