Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Учаскелік полиция инспекторының бір күні

Абай облысы полиция департаменті мен SemeiTV телеарнасының бірлескен жобасы аясында журналистер учаскелік полиция инспекторымен бір күн қатар жүріп, оның қызметінің қаншалықты жауапты әрі көпқырлы екенін көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Репортаж авторы — журналист Бақытгүл Қазез инспектордың күнделікті жұмыс барысына тікелей куә болды.

Жаз мезгілінде басты назар су айдындарындағы қауіпсіздік шараларына аударылады. Ауа райы ыстық болған кезде тұрғындар көл мен өзен жағалауларында демалады. Учаскелік инспектор күн сайын су жағалауларын аралап, азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар әкімдікпен бірлесіп, әкімшілік аумақты аралау, рұқсатсыз қоқыс тасталған орындарды анықтау, санитарлық талаптардың сақталуын түсіндіру бойынша да жұмыс жүргізіледі.

Табиғатты қорғау — инспектор жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Орман-тоғайды заңсыз кесу, табиғатты бүлдірумен күрес тұрақты негізде атқарылады.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары да ұдайы назарда. Жол жағдайын бақылау, жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер өткізу — учаскелік инспектордың күнделікті міндеттерінің бір бөлігі.

— Учаскелік полиция инспекторының қызметі — бұл жай ғана жұмыс емес. Бұл — халықпен тұрақты байланыс, әр көшені, әр отбасын білу және кез келген сәтте көмекке келуге дайын болу, — деп атап өтті репортажда журналист.

Репортаж "Заң мен Тәртіп" республикалық акциясы аясындағы ақпараттық қолдаудың бір бөлігі ретінде көрермендерге учаскелік инспектор қызметінің шынайы бейнесін ұсынды. Бұл — ауылдық округтер мен шағын аудандардағы құқықтық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген полиция қызметкерлерінің ерен еңбегі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру