Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Учаскелік полиция инспекторының бір күні

Мемлекеттік тілді жетік меңгерген жас полицей Виктория Вьюшкина өңірлік телеарнаның танымал спикеріне айналды. Ол бірнеше рет телебағдарламаларға қатысып, өз жұмысы туралы баяндап, көрермендерге профилактикалық ақпарат беріп жүр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2022 жылдан бастап Виктория учаскелік полиция инспекторының көмекшісі болып қызмет етті. Жас, сымбатты, мемлекеттік және орыс тілдерінде еркін сөйлейтін ол тұрғындармен тез тіл табысып, сенімге ие бола білді.

2024 жылдың қарашасынан бастап Виктория Петропавл қалалық полиция басқармасының Бірінші полиция бөлімінде учаскелік инспектор қызметін атқаруда. Қызметтік міндеттері де артты: енді ол құжаттармен жұмыс істеу, азаматтарды қабылдау, алдын алу шаралары мен күнделікті міндеттермен қатар, құқық бұзушылықтарды анықтау, әкімшілік хаттамалар толтыру, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстық істерді тергеуге қатысады.

– Бұл - 24/7 режиміндегі жұмыс, өзіңе уақыт кейде жетпей жатады. Сонымен қатар заңнамадағы соңғы өзгерістерге сәйкес, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру мен ұрып-соғу әрекеттері де қылмыстық құқықбұзушылық болып танылатынын атап өткім келеді. Бұл отбасындағы қылмыстарға тосқауыл қоюға мүмкіндік береді, - дейді полиция қызметкері Вьюшкина.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру