Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Учаскелік полиция қызметкерінің бір күні

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау – полиция қызметінің басты міндеті. Бұл бағытта учаскелік инспекторлардың еңбегі ерекше. Олар халыққа ең жақын, тұрғындардың мәселесін ең алдымен тыңдайтын және шешуге атсалысатын тұлғалар. Олар туралы Polisia.kz сайты әңгімелейді.

Осындай абыройлы міндетті жауапкершілікпен атқарып жүрген азаматтардың бірі – полиция капитаны Руслан Өмербеков Үржар аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы. Ішкі істер органдарында жеті жылдан бері қызмет етіп келе жатқан ол өз ісіне адалдығымен және тұрғындарға деген шынайы қамқорлығымен ерекшеленеді.

Руслан Қайратұлының басты ұстанымы – әр азаматтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Күн сайын өзіне бекітілген аумақта тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, олардың өтініштері мен мәселелерін назардан тыс қалдырмайды.

Инспектордың жұмыс күні көбіне тұрғындармен кездесуден, құқықтық түсіндіру жұмыстарынан және профилактикалық рейдтерден басталады. Ол көпбалалы отбасылармен, жалғызбасты қарттармен, сондай-ақ жастармен жиі кездесіп, құқықтық кеңес береді, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру шараларын жүргізеді.

– Біздің міндет – заңды қорғау ғана емес, сонымен бірге адамдардың сеніміне ие болу. Әрбір тұрғын полицияға арқа сүйей алатынын сезінуі тиіс, – дейді полиция капитаны.

Өзінің кәсіби шеберлігі, іскерлігі мен жауапкершілігінің арқасында Руслан Қайратұлы жергілікті тұрғындардың сеніміне ие болып, құқықтық мәдениетті арттыру мен қоғамдағы тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру