Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Учаскелік полиция – тыныштық күзетшісі

Жезқазған қаласы полиция басқармасының бастығы Алмаз Хамитов учаскелік инспекторлардың жұмысын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексерудің мақсаты – қызметкерлердің қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығын бағалау. Тексеру барысында А. Хамитов жеке өзі бірнеше учаскелік полиция пунктіне барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Әңгімелесу барысында қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер, соның ішінде ұрлық, бұзақылық және басқа құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды.

Профилактикалық жұмысқа, есепте тұрған тұлғалармен жұмыс істеуге ерекше назар аударылды. Алмаз Хамитов учаскелік инспекторларға көшелерді патрульдеуді, күдікті тұлғалар мен объектілерді тексеруді, сондай-ақ қала тұрғындарымен тығыз байланыс орнатуды күшейту жөнінде нақты міндеттер қойды.

– Учаскелік инспекторлар – бұл тұрғындарға ең жақын адамдар. Олардың жеделдігі мен кәсібилігі әрбір азаматтың қауіпсіздігіне әсер етеді. Сондықтан біз үнемі осындай тексерулер жүргіземіз, олардың жұмысын бағалап, қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын тұрамыз, – деп атап өтті А. Хамитов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру