Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Үй алып беремін”: шымкенттіктің ақшасын алдап алған алаяқ анықталды

Шымкенттіктің ақшасын алдап алған алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 16 тамызында Әл-Фараби АПБ-ның “102” нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Онда белгісіз тұлға мемлекет тарапынан үй алып беремін деп 300.000 теңгесін иемденіп алғанын көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру