Үй карантинін бұзған 15 адам қамалды
Ақтөбе облысында төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап үй карантинін бұзғаны үшін 45 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Үй карантинін бұзған 15 адам қамауға алынды, 9 тұрғынға айыппұл салынды, 9 ескерту жасалды, сондай-ақ 12 материал өндірісте.
Облыс орталығындағы үй карантиніндегі тұлғалардың карантин режимін бұзу саны да артты. Мұндай фактілер қатаң түрде жолы кесіледі, өйткені көптеген адамдардың денсаулығы карантин режимін сақтауға байланысты. СЭС, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және полиция карантинге жабылған үйлердің тұрғындарымен түсіндіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.
Үй карантиніндегі тұлғаларды тексеру барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласының тұрғыны үй карантиніне орналастырылған тұрғынның тұрғылықты жері бойынша болмағанын анықтады. Үй карантинін бұзғаны үшін 32 жастағы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 2-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, мамандандырылған әкімшілік сот 10 АЕК-ке әкімшілік айыппұл салды.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті карантинді сақтау талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер адамның басқа адамға жұқтыру көзі болғаны анықталса, онда қолданыстағы заңнамада бұл үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Үй карантиніндегі барлық адамдарға үйде қалуға, карантин режимін сақтауға кеңес береміз. Тек бұл бізге коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуын болдырмауға мүмкіндік береді.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.