Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйден шығып, оралмаған қарағандылықтар анықталды

Қарағанды облысында үйінен кетіп, оралмай, із-түссіз кеткендердің фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жезқазған қаласының Полиция басқармасының кезекшілік бөліміне 40 жастағы Жезқазған қаласының тұрғынынан қыз баланың дүкенге кеттім деп, уйге оралмау фактісі тіркелді. ПБ-ның жедел-іздестіру шараларының жүргізілу барысында, келесі күннің сағат 14:00 шамасында 15 жастағы қыз бала аман-есен үйіне жеткізілді. Сабылып іздеген инспекторлар, жедел криминалдық полиция бөлімінің қызметтері жедел қызметке кіріседі.

Мұндай жағдай болдырмас үшін балаңыздың мінезіндегі әрбір өзгерістерді назардан тыс қалдырмаңыз. Кейде тұрмыстың ұсақ-түйек кикілжіңдерінен кейін де ашуға басқан бала үйден кетіп қалып жатады. Сондықтан да соңғы тәулікте болған оқиғаларды рет-ретімен еске түсіріп, оны іздеуші инспекторларға басынан аяғына дейін айтып берген дұрыс. Кейде сіз мән бермеген мәліметтің адамды іздеуде шешуші мәні болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру