“Үйдің баспалдағын жасап беремін”: қызылордалық 2 млн теңгесінен айырылып қалды
Қызылордада тұрғынның екі миллион теңгеден астам ақшасын иемденген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы орталығының тұрғыны үй иесіне “үйдің баспалдағын жасап беремін” деген желеумен сеніміне кіріп, екі миллион теңгеден астам ақшасын алдап, алған. Алаяқ былтырдан бері келісілген уәде бойынша осы күнге дейін үйдің баспалдағын жауып бермей қашып жүрген. Сондықтан үй иесіне полицияға жүгінуге тура келді.
Аталған дерек негізінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол кінәсін мойындап, оған қатысты “ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат” түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.