Үйдің кіреберісінен ұрланған балалар арбасы иесіне қайтарылды
Қарағанды облысының полицейлері үйдің кіреберісінен балалар арбасын ұрлаған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 желтоқсанда 29 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласы ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне хабарласып, көпқабатты үйдің кіреберісіне аз уақытқа қалдырған балалар арбасын белгісіз біреудің ұрлап кеткені туралы шағымданды.
Келтірілген шығын 70 мың теңгені құрады.
Учаскелік полиция инспекторлары осы қылмысты жасауға күдікті ретінде жақын жерде тұратын 32 жастағы әйелді ұстады. Күдікті кінәсін мойындап, балалар арбасы тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.
Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.