Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйінде есірткі сақтаған түркістандық қамалды

Түркістан облысының полицейлері үйінде 250 грамм есірткі затын сақтаған азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен. Онда Байдалы көшесінің тұрғыны есірткі заттарын сақтаумен, тасумен және тұтынумен айналысатындығы туралы көрсетілген.

Ақпарат алысымен түркістандық полицейлер жүйелі жұмыс жүргізіп, күдіктінің үйін, жеке басын анықтады. Осылайша жүргізілген тыңғылықты жұмыстарының нәтижесінде күдікті азаматты тұрғын үйінен ұстады. Оны тексеру барысында үйіндегі қоймасынан есірткіге ұқсас хош иісі бар жасыл түсті қағазға оралған өсімдік табылып, айғақты зат ретінде алынды. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚК 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс) бойынша тіркеді.

Алынған заттарға тиісті сот-сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысымен алынған өсімдік 250 грамға жуық «кептірілген марихуана» болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін, қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер, сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру