Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйінен кетіп қалған 44 жастағы  әйел табылды

Көкшетау полицейлері ақша табу үшін үйден кеткен әйелді тапты,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қаңтар айының басында Көкшетау қаласы ІІБ кезекші бөліміне 44 жастағы азаматшаның анасы хабарласты. Қызы бірнеше күн бойы үйінен шығып кетіп, қайтып келмегендігін хабарлаған.Тәртіп сақшыларынан жүрген жерін анықтау үшін көмек сұрады.

Кейін белгілі болғандай, бұрын қызы ішімдік ішкен, бұған дейін де бірнеше рет үйден кеткен. Алайда, соңғы уақытта жағымсыз қылықтары байқалмаған.Жұмыс іздеп жүріпті. Осы жолы үйінен шығып,бірнеше күн келмеуі анасын алаңдатты.

Полиция қызметкерлері фото арқылы жақын аудандар мен облыстардың полиция бөлімшелеріне хабар таратты.Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Көкшетау полицейлері әйелді тапты. 44 жасар жоғалған адам Нұр-Сұлтан қаласына келіп, жұмысқа орналасқан. Ақша жинап, туған-туысқандарына қайта оралмақшы болды. Анасының қатты алаңдап, полицейлерге хабар береді деп те ойламаған. Полиция қызметкерлері әйелге телефон арқылы туыстарымен қоңырау шалып, сөйлесуін сұрады. Туған-туыстарына барлығы жақсы екендігін жеткізді.

Айта кету керек, кейде жоғалып кеткен адамдар полиция қызметкерлерінен олардың тұрған жерін құпияда сақтауды сұрайды.

Және бұл талап әбден заңды, өйткені жеке деректерді сақтау туралы құқық өз еркінде. Кез-келген адамның туыстарымен, жақындарымен немесе таныстарымен сөйлеспеудің өзіндік себептері болуы мүмкін. Өзінің жеке өмірі туралы туыстарына хабарлау немесе хабарламау әрбір кәмелетке толған азаматтың өз еркінде.

Айта кету керек, Ақмола облысында жыл басынан бері 12 адамға  іздеу жарияланған. Оның 8-і табылды. Адамдардың көбі өзін жалғыз сезінгендіктен үйінен кетіп жатады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру