Үйінен кетіп қалған жасөспірім жігітінің ауылынан табылды
Үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған 16 жастағы қыз Арыс қаласынан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Арыс АПБ-не Алматы қаласының тұрғыны арызданып келген. Онда түскі уақытта қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткенін көрсеткен. Жасөспірімнің анасы өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұрады.
Халық көп шоғырланған аймақтарға қыздың суреттері ілініп, ТО ПД аудандық, қалалық полиция бөлім, басқармаларына бағытнамалар жіберілді.
Тәртіп сақшылары жоғалған қызды тез арада табу мақсатында такси жүргізушілерінен, көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді.
Соның нәтижесінде тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталды. Ол Арыс қаласынан әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп жүрген жергілікті тұрғын, жігіттің ауылынан табылды. Қазіргі таңда жасөспірім қыз ата-анасына аман-есен табысталды.
Өз кезегінде қызының дін-аман табылғанына қуанып, анасы полицейлерге алғысын білдірді.
– Қызым белгісіз себептермен үйден шығып кеткен болатын. Өзім іздестіріп таба алмаған соң полиция қызметкелерінен көмек сұрадым. Арыстық полицейлер жедел іздестіріп, қызымның жүрген жерін тауып берді. Арыс қаласының полицейлеріне алғысымды айтамын!