Үйінің ауласында сора өсірген шымкенттік сотталды
Үйінің ауласында сора өсірген шымкенттік 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында өз ауласында сораны заңсыз өсірген жергілікті тұрғынды анықтады. 33 жастағы ер адамнан бір түп есірткі өсімдігі тәркіленді.
Тәртіп сақшылары жайт бойынша ҚР ҚК 300-бабының 1-бөлігімен (Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізіп, қылмыстық істі сотқа жолдаған. Сот үкімімен азаматқа қатысты бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар тағайындалған бас бостандығын шектеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленіп, қоғамдық орындарда жүз сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды.