Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйінің шатырын жөндемек болған елордалық 2 млн теңгесінен айырылды

Полицияға елорда тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып, арызданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, ол үйінің шатырын жабу үшін арнайы шеберді жалдап, оған 2,1 млн теңге берген.

Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен қаланың 43 жастағы тұрғынын анықтады. Тергеу барысында белгілі болғаны, ер адам “ОLХ” жарнамалар сайтында үйлердің сыртын қаптау, шатырды жабу қызметі туралы хабарландыру жариялаған. Жарнама бойынша “шеберді” жалдаған жәбірленуші оған алдын ала еңбекақысын төлеп қойған. Алайда қаскүнем жұмысының басын бастап, одан соң хабарсыз кеткен.

Шатырсыз қалған жәбірленуші бірден полицияға жүгінген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Сақтықта қорлық жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру