Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Ұйқымыз тыныш»: Шымкент тұрғындары учаскелік полицейлерге алғысын білдірді

Шымкент тұрғындары учаскелік полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының полиция басқармасы №33 учаскелік пунктінің қызметкерлері азаматтардың әрбір өтінішін назардан тыс қалдырмайды. Полиция пунктінің әкімшілік учаскесіне кезінде масаң күйдегі тұлғалар мен басқа да құқық бұзушылардың жиі болуы байқалған Юбилейная шағынауданының, Қошқар ата өзенінің және теміржол вокзалының аумақтары кіреді.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, учаскелік полицейлердің жұмысының нәтижесінде аумақта заң бұзушылықтардың саны азайды.

– Инспекторлардың еңбегінің арқасында қазір ұйқымыз тыныш және көше мен аулаларда қорықпай жүре аламыз. Тәртіп бұзушылар да азайды, – дейді үй комитетінің төрағасы Ханифа Сибиргаева.

Учаскелік инспекторлар «халық полицейлері» деп бекер айтылмаған, өйткені халыққа ең жақыны – осы тәртіп сақшылары. Дәл осылай, №33 УПП-нің қызметкерлері де өздеріне бекітілген аумақтың барлық тұрғынын таниды және олармен тығыз байланыста. Тірек пунктінің төрт полицейі шамамен 15 мың адам тұратын аумақта қызмет етіп, тәуліктің кез келген уақытында оларға көмекке келуге дайын.

– Учаскелік инспектордың жұмысы жоғары кәсібилікті, әкімшілік аумағындағы жедел жағдай туралы нақты хабардар болуды, өз жұмысында полицияның ғана емес, психологиялық дағдыларды да пайдалана білуді талап етеді. Себебі біз күн сайын көптеген азаматпен тікелей байланыста боламыз. Әр қадамымызда, әр іс-әрекеттімізде қызметке деген адалдықты көрсете білуіміз керек, – деп атап өтті халық полицейлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру