Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландық Ливерпульдегі бокстан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Ұландық Ливерпульдегі бокстан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлттық ұланның спорттық командасын даярлау орталығының аға маманы – дене даярлығы және спорт бойынша аға нұсқаушысы қатардағы Виктория Графеева Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына қола медаль салды.

Виктория 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, сенімді түрде жартылай финалға дейін жетті. Ширек финалда ол Өзбекстан боксшысы Ситора Турдибековамен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.

Финалға шығу үшін өткен шешуші кездесуде қазақстандық боксшы бразилиялық Ребекка Де Лима Сантоспен қолғап түйістірді. Қарсыласына лайықты қарсылық көрсеткенімен, Виктория төрешілердің шешімімен әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру