Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландық спортшы әлем кубогынан қола жүлдемен оралды

Ұландық спортшы әлем кубогынан қола жүлдемен оралды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында жауынгерлік самбодан әлем кубогы өтті. Бұл беделді халықаралық додаға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы да өз спортшыларын қосты.

"Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6655 әскери бөлімінің қамтамасыз ету ротасының сапері, қатардағы Арман Тұрымбетов 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, жүлделі үшінші орынға ие болды.

Айта кету керек, Арман Тұрымбетов халықаралық аренада бұған дейін де биік нәтижелерге қол жеткізген. Ол жауынгерлік самбодан Азия және Мұхит чемпионатында күміс медаль жеңіп алған болатын.

Ұландық спортшының бұл жетістігі құқықтық тәртіп әскерлерінің ғана емес, тұтас Қазақстанның спорттық беделін арттыра түсіп, оның жоғары кәсіби дайындық деңгейін, қайсар рухын және жеңіске деген жігерін айқын дәлелдейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру