Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландық спортшылар қазақ күресінен өткен екі республикалық турнирде жүлдегер атанды

Ұландық спортшылар қазақ күресінен өткен екі республикалық турнирде жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

28–29 қыркүйек күндері ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қазақ күресінен өткен республикалық "Әскери барыс" турниріне қатысты. Жарысты Қазақстан Республикасының Армия орталық спорт клубы ұйымдастырды.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде еліміздің түрлі әскери бөлімдерінен келген 20 команданың құрамындағы 40-тан астам балуан белдесті. Қызу тартыс нәтижесінде Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау взводының аға сарбазы, ефрейтор Жандос Сейтенов мықты дайындығы мен табандылығының арқасында қола жүлдеге қол жеткізді.

Сонымен қатар Қостанай қаласында Ахмет Байтұрсынұлының құрметіне арналған қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Бұл сайыста да 5573 әскери бөлімінің аға сержанты Бекзат Алтынбаев үздік өнер көрсетіп, үшінші орыннан көрінді.

Ұлттық ұлан жауынгерлерінің мұндай спорттық жарыстарға белсене қатысуы жеке құрамның жауынгерлік рухы мен дене шынықтыру деңгейін арттырып қана қоймай, жастар мен әскери қызметшілер арасында ұлттық спорт түрлерін дәріптеуге де ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру