Ұландықтар арасында шағын футболдан командалық чемпионат өткізілді
ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының спорт залында шағын футболдан командалық чемпионат өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Турнирге құқықтық тәртіп әскерлерінің басқармалары, қызметтері мен орталықтарынан құралған 15 команданың 120 әскери қызметшісі қатысты.
Жарыстың басты мақсаты — әскери ұжым арасында командалық рухты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Турнир қорытындысы бойынша:
I орын — әскерлерді басқару орталығының командасы;
II орын — автоматтандыру басқармасының командасы;
III орын —жауынгерлік даярлық бас басқармасы, әскер қызметі және әскери қызметтің қауіпсіздігі бөлімі командасы иеленді
Жеке номинациялар бойынша:
Үздік ойыншы — серверлік жабдықтар бойынша техникалық көмек тобының маманы(технигі) қатардағы Әділ Жандәулет;
Үздік қорғаушы — ақпараттық-баспа бөлімі бейнестудия бөлімшесінің бастығы Ұлан Борамбаев;
Үздік қақпашы — әскерлерді басқару орталығы қызметі бастығының көмекшісі Еркін Қабылов;
Ең үздік гол авторы — ИТЖ орталығы техникалық күзет құралдары тобының маманы(технигі) Сәбит Жақсыбаев.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Спартакиада — Ұлттық ұлан әскери қызметшілері арасында бірлік, кәсібилік пен спорттық шеберлікті нығайтуда.