Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландықтар ер адамға пышақпен шабуыл жасаған күдіктіні ұстады

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздары ер адамға пышақпен шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 10 қыркүйекте сағат 18:00 шамасында Байқоңыр ауданында болған. Жәбірленушіге ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери жасағы көмектесті.

А. Жангелдин көшесіндегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғау бойынша қызмет атқару кезінде патрульдік топтың бастығы Ермахан Төребеков қансырап жатқан адамды байқайды. Әскерилер жәбірленушіге дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем көлігін шақырады.

Күзетшілер уақыт жоғалтпай, бейнекамералардың көмегімен күдіктінің оқиға орнынан қашып кеткенін анықтады. Сержант Нұрсұлтан Қайратбектің басшылығымен жедел әрекет еткен ұландықтар күдіктіні Қарасай батыр көшесінде ұстады.

Оқиға орнына полиция қызметкерлерінің жедел тобы да шақырылды. Тәртіп сақшылары күдіктіні оқиғаның мән-жайын нақтылау үшін Байқоңыр аудандық полиция бөліміне жеткізді. Оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру