Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландықтар су үстінде өнер көрсетті

Елордада Есіл өзенінің жағасында “Ұлы дала ұландары” тақырыбында әскери-патриоттық концерт өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлттық ұланның Үлгілі-көрсетімді оркестрінің репертуары алуан түрлі болды. Шығармашылық ұжымның концерттік бағдарламасында әскери оркестрге арналған дәстүрлі қызметтік-саптық әндермен қатар, халық, классикалық әндер, сондай-ақ “Сәйгүлік”, “Аузынан айдың түскен қыз”, “Боз жорға”, “Сені сүйем” секілді заманауи эстрадалық әндер де шырқалды.

Құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері қару-жарақпен дефиле көрсетті. Бұдан бөлек, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Ән-би ансамблі өнер көрсетті.


– Бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақановтың тапсырмасы бойынша және Сарыарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен біз “Ұлы дала ұландары” әскери-патриоттық концерті арқылы ақпараттық-үгіт жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біз халықты әскери бөлімдеріміз міндеттерді қалай орындайтыны, ұландықтардың тұрмыста не істейтіні туралы хабардар етеміз. Негізгі мақсат — елорда тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және әскери қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру, – дейді ҚР Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімі командирінің орынбасары Тимур Рахимов.

Концерттік бағдарламадан басқа, Есіл өзенінің жағасында құқықтық тәртіп әскерлерінің жауынгерлік қызметі бейнеленген фотокөрме ұйымдастырылды.


– Біз жағалауға жақын жерде тұрамыз және көше музыканттарының әртүрлі аспаптарда өнер көрсеткенін жиі көреміз. Бірақ бүгін әскери формадағы үлкен ұжымды, кәсіби музыканттарды көріп, қызығып шықтық және сол шешімімізге қуанып тұрмыз. Концерт өте ұнады, әсіресе қарумен бірдей іс-қимыл көрсеткен жауынгерлер ерекше екен.  Киімдері де, қойылымдары да әдемі. Шынында да, мұндай іс-шаралар жастарды шабыттандырады және патриотизм сезімін оятады, арттырады, – деді Астана тұрғыны Вера Александровна.

Айта кету керек, Ұлттық ұландықтар патриоттық концерттер, азаматтарды әскери қызметшілердің міндеттері мен қызметі туралы хабардар ету сияқты шығармашылық шараларға көп көңіл бөледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру