Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландықтар тыл ардагеріне құрмет көрсетті

Ұландықтар тыл ардагеріне құрмет көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған "Жеңіске 100 күн" патриоттық акциясы аясында 3656 әскери бөлімінің әскери қызметшілері тыл ардагері Евгений Журавскийге арнайы барып, құрмет көрсетті.

Кездесу барысында әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Аманжол Байғуанышев пен Әйелдер кеңесінің төрайымы Ақмарал Алдабергенова ардагердің өмір жолы мен еңбек ерлігі туралы тебірене тыңдап, оған алғыс білдірді.

– Ардагерлердің жанқиярлығы мен қажырлы еңбегін ұмытпау – біздің қасиетті борышымыз. Олар өз ерліктерімен болашақ ұрпаққа бейбіт өмір сыйлады. Осындай кездесулер – жеңіс үшін тер төккен жандарға алғысымызды білдірудің жарқын көрінісі, – деді Аманжол Байғуанышев.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы ардагерлерге құрмет көрсетіп, тарихи жадыны сақтау жолында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Ерлік пен еңбекті бағалаудың жарқын үлгісі ретінде естелік кездесулер, қайырымдылық акциялар және өзге де іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру